Жиында қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов қалалық такси қызметін одан әрі дамыту туралы сұрақ қойды.
«Келесі жылы бізде «Сергек» және көлік қызметін көрсету жобасы аяқталады. Жобалар өзін-өзі ақтап, бағыты дұрыс екенін көрдік. Ендігі тағдыры не болады? Мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында жасалған келісімшарттар аяқталады. Сонда нысандарды кім теңгерімге алады? Оларға кім қызмет көрсетеді?», - деп сұрады ол.
Тиісті басқарма өкілдері такси қызметімен байланысты бірқатар проблемалар бар екенін атады.
«Бірінші кезекте, таксидің сылбырлығын сынаушылар көп. Екінші кезекте сервисті дамыту, үшінші кезекте автопаркті жаңарту қажет. Біз осы кәсіп өкілдерімен сөйлестік. Өзара түсіністік бар және биыл біз тарифтерді қайта бекіттік. Келесі жылы сараланған тарифті енгізгіміз келеді. Сонда олар белгілі бір шығындарын жаба алатын болады. Қазір көлік басқармасымен бірге реформалау және бренд енгізу мәселелері пысықталып жатыр», - деді әкімдік өкілдері.