Елордада такси жүргізушілерін алдауына түсіріп, шығынға ұшыратып келген алаяқ жігіт ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық полиция департаментінің криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқ ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-іздеу шараларын жүргізу кезінде бұрын алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 26 жастағы ер адам ұсталды.

Елорданың полиция қызметіне такси жүргізушілерінен 6 арыз келіп түсті. Олар клиенттің өздерін алдап, 5-15 мың көлеміндегі ақшаны иемденіп алғанын айтты.

Жәбірленушілердің барлығы бір схемамен алданды. «Клиент» мобильді қосымша арқылы мекен-жайға сәлемдеме жеткізу үшін такси шақыртты. Әңгіме барысында ол жүргізушіден ақша алып, жеткізу кезінде онымен сәлемдемені сатып алушы есеп айырысатынын уәде еткен. Оған келіскен такси жүргізушілері аталған мекен-жайға келіп, сәлемдемені сатып алушыларды таппаған соң, «клиентке» хабарласқанда, ол телефонын өшіріп тастаған.

Қазіргі уақытта барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (алаяқтық) тергеу жүргізілуде. Полицейлер алаяқ әрекетінен зардап шеккен такси жүргізушілері әлдеқайда көп бола алатынын атап өтуде. Жәбрленушілерді Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» аудандық полиция басқармасына (Жансүгіров көшесі,2) келуін немесе 8(7172) 71-67-10, 71-67-11 және 102 телефон нөмірлеріне хабарласуы керек.