АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Ертең Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Тарихшылардың ұлттық конгресінің кезекті мәжілісі өтеді, деп хабарлады білім ордасының баспасөз қызметі.
Алқалы жиында Тарихшылардың ұлттық конгресінің стратегиялық тұжырымдамасы бекітіледі және 20 кітаптан тұратын 10 томдық «Отан тарихы» академиялық басылымы қаралады.
Шараға елімізге белгілі тарихшы ғалымдары мен қоғам қайраткерлері, жазушы, журналистер қатысып, Қазақстан тарихының өткені мен қазіргі кезеңдегі тарихи шындығына сараптамалар жасалынады.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.