Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға ҚР Парламенті Мәжіліс депутаттары, әкімдік өклідері мен ұстаздар қауымы қатысты. Форум аясында ел астанасныда білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық бағыттары, сала өкілдерінің 30 жылда жеткен жетістіктері, талқыланды.
«Бүгінгі форумның ең негізгі мақсаты – ұстаз қауымына ризашылық білдіру, жас ұрпаққа білім беру сінде алдымыздан кедесуі мүмкін проблемаларды шешудің жолдарын талқылау. Бүгінгі шара өтіп жатқан Оқушылар сарайын тәуелсіздік жылдарында ТМД бойынша қолға алынған ең маңызды жобаның бірі деп атауға болады. Оны 2011 жылы Елбасы өзі келіп ашқан болатын. Қазіргі астанамыз Нұр-Cұлтан қаласының елорда деген атына сай болып жетілуіне ұстаздар қауымының қосқан үлесі мол», - деді ардагер ұстаз Асима Бимендина.
Форум барысында қаланың білім беру саласын дамытуға үлес қосқан тәжірибелі ұстаздар мен білікті менеджерлер сөз алып, инновациялық білім беру жобалары мен технологияларды, үздік білім беру ұйымдары мен педагогикалық ұжымдарды таныстырды.