Елордада «TAZA FEST ASTANA» экологиялық фестивалі өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім саябағында «TAZA FEST ASTANA» экологиялық фестивалі өтті. Іс-шара Сарайшық ауданында ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Фото: Астана әкімдігі

Іс-шара аясында экологиялық бастамалар, қоғамдық диалог алаңдары, танымдық көрмелер мен мәдени-ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды.

Фото: Астана әкімдігі

Бағдарламада кітап көрмесі, LEGO құрастырғыштары, интерактивті тир, үстел ойындары, сурет салу шығармашылық алаңы және демалыс аймағы қарастырылған.

Фото: Астана әкімдігі

Қатысушылар экологиялық жобаларын, робот үлгілерін, «жасыл қала» макеттерін, су мен ауаны тазарту жүйелерін және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған өзге де тың әзірлемелерін таныстырды.

Фото: Астана әкімдігі

— Күн көзінен қуат алатын жобамды алып келіп отырмын. Ұстаздарымның кеңесіне құлақ түре отырып, осы жобаны жасап шықтым. Енді бұған қызығушылық танытатын адамдар болады деп есептеймін. Егер осы жобам жүзеге асатын болса, тигізер пайдасы орасан, — деді М. Әуезов атындағы № 86 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Сәбина Серимхан. 

Фестиваль барысында экоөнімдер жәрмеңкесі мен «Marwin» қолдауымен ұйымдастырылатын балалар мен отбасыларға арналған ойын-сауық аймағы, арнайы көрме сап түзеген.

Фото: Астана әкімдігі

Сонымен қатар, «Заң және тәртіп — есірткіге жол жоқ!» ақпараттық-профилактикалық ашық алаңы орналасқан.

Бұған дейін Астана күніне орай елордада қандай спорттық іс-шаралар өтетінін жазған едік.