АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 37 тармағын орындау мақсатында «Текті сөздің төресі - терме» атты республикалық термешілер байқауын өткізуді жоспарлауда.
Астанадағы Қазақ Гуманитарлық-Заң университетінде бүгін басталып, ертең «Конгресс-холда жалғасатын өнер кешіне еліміздің барлық өңірінің термешілері жаңа термелерімен қатысып, өз бақтарын сынайды.
Байқаудың негізгі мақсаты - асыл сөздің маржаны мен терең ойдың тұнығын әуезді әнмен жеткізетін терме жанрын пайдалана отырып, халықты бірлікке, бауырмалдыққа, отанын сүюге, тілін, дінін құрметтеуге шақыру.