Елордада «Темекіден қалай бас тартуға болады?» деген тақырыпта семинар-тренингі өткізіледі

АСТАНА. 20 мамыр. ҚазАқпарат - Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Астана қаласының жастар саясатын қолдау қоры Медициналық университетінде «Темекіден қалай бас тартуға болады?» деген тақырыпта семинар-тренинг өткізбек.

Аталған іс шараның мақсаты темекі шегушілірге темекіден бас тартуға көмек ұйымдастару, жастарды темекіге қарсы күрестің ережелерімен таныстыру.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, семинар-трениг негізгі 3 блоктан тұрады:

Ақпараттық блок: темекінің зияны және темекіден бас тарту әдістері жайлы баяндамалардан, зиянды әдеттен зардап шеккендердің әңгімелерінен, суреттерден және бейне роликтерден тұрады.

Рөлдік блок: семинарда өткізілетін рөлдік тренингтің бастауы болып табылады. Рөлдік блок кез-келген студенттің басынан өтетін өмірлік оқиғаның үлгісін көрсетеді. Рөлдік тренинг кезінде залдағы барлық қатысушылар белсенді тәуелділікке қарсы тұрып көреді. Студенттер ұсынылған темекіден сыпайы түрде бас тартуға, ортаның әсеріне қарсы тұруға және өзіндік көзқарасына сендіруге үйренеді.

Байқаулық блок: Байқаулар екі түрге бөлінеді: белсенді (темекі қорабын қоқыс жәшігіне лақтыру; кім бірінші барлық темекіні бір-бірден сындырады; және т.б.) және жай (темекінің зияны жайлы ең жақсы төрт шумақ өлең; темекіден бас тартуға ең көп себептер және т.б.).