НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы Ұлттық теннис орталығында 21-27 ақпан аралығында Forte 60 Woman's халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, аталмыш жарыстың жүлде қоры 60 мың АҚШ долларын құрайды.
Турнирге әлемдік рейтингте үздік 100 және 200 теннисшінің қатарына кіретін спортшылар қатысады.
Олардың қатарында әлемнің 96-ракеткасы, бельгиялық Грет Миннен, сондай-ақ мажарстандық Тимея Бабош, ұлыбританиялық Хэрриет Дарт, жапониялық Мия Хонтама, украиналық Дария Снигур, испаниялық Алена Большова, грузиялық Мариам Болквадзе және басқалар бар.
Қазақстан намысын Жібек Құламбаева, Гөзал Айнитдинова, Аружан Сағындықова, Дана Байдәулет, Екатерина Дмитриченко сынды теннисшілер қорғайды.
Өткен жылы жазда елордадағы осындай турнирде М.Болквадзе үздік шыққан еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Дубайда негізгі турнирге шыға алмағанын жазған болатынбыз.
М.Кукушкин Марсельде негізгі турнирге жолдама алды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).