АСТАНА. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат - Маусымның 7-12-сі күндері елордадағы Ұлттық теннис орталығының кортында ITF Junior Circuit «The Youth of Capital» халықаралық турнирі өтеді. Бұл туралы ҚР Теннис федрациясының баспасөз қызметінен хабарлады.
Жарысқа бірқатар елдердің, атап айтқанда Қытай, Бельгия, Өзбекстан, Тәжікстан, Израиль, Түрікменстан, Ресей, Қазақстан, Германия, Грузия мемлекеттерінің 13 пен 18 жас аралығындағы жас теннисшілері қатысады.
«The Youth of Capital» турнирін Қазақстан Теннис федерациясы мен қазақстандық теннис туры өткізеді.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.