НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 14-18 ақпанда теннистен Қазақстан қысқы чемпионаты өтеді, деп хабарлайды- ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, айтулы додаға еліміздің өңірлерінен маңдайалды ойыншылар қатысады.
Атап айтқанда, Денис Евсеев, Бейбіт Жукаев, Григорий Ломакин, Максим Батютенко, Никита Сидоров, Ерасыл Ерділдә, Жібек Құламбаева, Гөзал Айнитдинова, Дана Байдәулет, Сандуғаш Кенжебаева және басқалар бақ сынайды.
Қазақстан теннис федерациясы жарыс жеңімпаз-жүлдегерлерін қаржылай көтермелемекші. Жекелей сында чемпион атанғандарға 7 мың, финалиске 5 мың, қола жүлдегерге 3 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы белгіленді. Жұптық сында сәйкесінше екі жеңімпазға 3 мың, қос финалиске 1500 доллар берілмекші.
Сонымен қатар алтын және күміс жүлдегер ҚР спорт шебері, жартылай финалистер ҚР спорт шеберлігіне үміткер атанады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Монпелье турнирін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).