Елордада террорлық әрекетке қорғанысы осал нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы әкімдігі жанындағы Терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында елорданың террорлық әрекетке қорғанысы осал нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері, мемлекеттік органдардың террорлық актілердің салдарын жою мен азайту шараларын іске асыруға әзірлігі, оның ішінде олардың материалдық жарақталу дәрежесі қаралды.

Терроризмге қарсы комиссия терроризмнің алдын алу және терроризмнің салдарын жою бойынша орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын консультативтік-кеңестік орган болып табылады. Төрағасы - Астана қаласының әкімі.