«Қыз баланың жағдайы әлі де ауыр. «Доктор Бро» клиникасына жүргізілген тексеріс туралы өткен аптада айтылған еді. Оған медициналық қызмет көрсету кезіндегі бұзушылықтар аталды. Барлық материал құқықтық баға беру үшін Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне жіберілді. Ары қарай істі құқық қорғау органдары шешеді», - деді Людмила Бюрабекова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елорданың стамотологиялық клиникаларының бірінде тісін емдеткеннен кейін ес-түссіз қалған баланың жағдайын өз бақылауына алған болатын.
Айта кетсек, елорда тұрғыны Анастасия Зелёная «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» Facebook тобында екі жарым жастағы баласының стамотологиялық клиникаға қаралғаннан кейін ес-түссіз қалғанын жазған болатын. Бала екі аптадан бері есін жия алмай жатыр.