АСТАНА. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат - Ертең білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді. Бұл ақпаратты еліміздің білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.
Ведомствоның хабарлауынша, аталған шара ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің білім беру жүйесі қызметкерлерінің, мұғалімдерінің І съезіне арналған.
Ал ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің білім беру жүйесі қызметкерлерінің, мұғалімдерінің І съезі сәуірдің 26-27-сі күндерінде елордадағы «Көрме» көрме орталығында өтеді. Оған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың және ТМД-ға қатысушы мемлекеттері білім министрлерінің қатысуы жоспарланып отыр.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.