«Орта мерзімді келешекте апатты, тозығы жеткен үйлерге қатысты мәселе шешілетін болады. Өткен аптада Дүкенұлы көшесі бойындағы апатты жағдайда тұған жатақханада болдым. Тұрғындар қоныс аударатын жылды атап беруді сұрайды. Бізде мұндай 200-ден астам үй бар және оларда адамдар тұрып жатыр. Міне, алдымызда осындай күрделі міндет тұр», - деді ол Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының отырысында.
Сонымен қатар қала басшысы тұрғындарды жұмысмен қамту мәселесіне де тоқталып өтті.
«Жол картасы арқылы ғана сіздерге 15 мың адамды жұмыспен қамтамасыз еттік. Карантин, локдаун кезеңінде құрылыс кәсіпорындары жұмыс істеді. Бюджет ашықтығы бойынша да жақсы жұмыс атқардық. Денсаулық сақтау жүйесінде немен жұмыс істеу қажеттігін көрдік. Карантин кезеңінде жинақылана түстік. Дәрігерлеріміз де тәжірибелі бола түсті. Ал педагогтарымыз қазіргі уақытта үлкен жүктемін бастан өткізіп жатыр», - деді Алтай Көлгінов.