Елордада түнде қатынайтын автобустар пайда әкелмейді – парк басшысы

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада маусым айынан бері түнгі автобустар қатынап жатыр.

«Түнде қатынайтын автобустар пайда әкелмейді, бұл әлеуметтік жоба. Біздің парктен түнде 3 бағдар бойынша 6 автобус жүреді. Қоғамдық көліктер оң және сол жағалау аралығында қатынайды. Біз түнгі автобустардың бағыты бойынша талдау жасап, халықтың сұранысын ескердік», - деді елордадағы №1 автобус паркінің басқарма төрағасы Мадияр Тұқпатов баспасөз туры барысында.

Оның айтуынша, түнгі автобустар халық жиі қатынайтын және тығыз орналасқан бағдарлар бойынша жүреді. 

Айта кетейік, биыл маусымнан бастап елордада түнгі автобустар қатынай бастады. Олар сағат 00:00-ден бастап, таңғы 06:00–ге дейін жүреді.

Бұған дейін парк басшысы Астанада жолаушылардың 30-40 пайызы ақы төлемей жүретінін айтқан еді. 

Күзде елорданың бірінші автобус паркі 100 көлікпен толығады