4 қыркүйек күні сағат 01:30-да Нұр-Сұлтан қаласының Сәтбаев көшесінде бас санитар дәрігер қаулысын бұзу фактісі тіркелді. Карантин шараларына қарамастан, компьютер клубының шағын ғимаратында көп адам жүрген. Олардың арасында кәмелет жасына жетпеген екі бала болды.
Балалар түнгі уақытта ойын-сауық орнында ересектерсіз жүргені үшін олардың ата-анасы ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 442-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Кәмелет жасына жетпегендерді түнгі уақытта кіргізген компьютер клубының иесі ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 132-бабына cәйкес 27 780 теңге көлемінде айыппұл төлейді.
Бұдан бөлек, санитарлық нормаларды бұзған компьютерлік клуб әкімшілігіне қатысты материал жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылаубасқармасына жіберілген.
Елорданың полиция департаменті азаматтарға карантинді бұзғаны үшін жауапкершілік бар екенін ескертіп, санитарлық нормаларды сақтауға шақырады.