Экскурсия «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және «Астана-Бәйтерек» монументінен басталады. Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады (бір рейс - қазақ тілінде, екінші рейс - орыс тілінде, ауысу арқылы). Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді.
Автобустардың қозғалыс кестесі: «AiLand» аялдамасынан қозғалу уақыты: - сағ. 10.00 (орыс тілінде); - сағ. 12.10 (қазақ тілінде); - сағ. 14.30 (орыс тілінде); - сағ. 16.40 (қазақ тілінде); - сағ. 18.50 (орыс тілінде). Ары қарай келесі аялдамалар болады: «Хан Шатыр» СОСО, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, «Нұр-Әлем» сферасы, Ұлттық Музей, «Астана Бәйтерек» монументі және«AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығы. «Астана Бәйтерек» монументі аялдамасынан қозғалу уақыты: - сағ. 10.30 (қазақ тілінде); - сағ. 12.40 (орыс тілінде); - сағ. 15.00 (қазақ тілінде); - сағ. 17.10 (орыс тілінде); - сағ. 19.20 (қазақ тілінде). Ары қарай келесі аялдамалар болады: «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығы, «Хан Шатыр» СОСО, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы. «Нұр-Әлем» сферасы, Ұлттық Музей және «Астана Бәйтерек» монументі.