АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 1-2 желтоқсан күндері Астана қаласында «Оқушылар сарайында» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған дзюдодан жасөспірімдер арасында «Оқушылар сарайының» кубогы үшін І ашық турнирінің өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, жарысқа Қазақстанның 14 облысы және Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Моңғолия сынды алыс-жақын шетелден 500-ге жуық дзюдошы қатысады деп жоспарланған.
Жекелей жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубок, медальдармен, грамота мен бағалы заттармен марапатталады.
Ал командалық жарыстың жеңімпаздары 150 мың теңгемен, ІІ орын иелері 80 мың теңге, ІІІ орын алған команда 50 мың теңгеге ие болады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.