«Елордада қаралған әкімшілік істерді талдау халық үшін билік органдарымен өзара іс-қимылдың анағұрлым сезімтал салаларын анықтауға мүмкіндік береді. Бұрынғысынша, көбінесе азаматтар мен заңды тұлғалар әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде сот орындаушыларының әрекеттері мен актілеріне дау айтады. Бұл сала атқарушылық іс жүргізуге қатысатындар үшін өзекті болып қала береді. Әсіресе Әкімшілік рәсімдік-процестік аясында сот орындаушыларының әрбір іс-әрекетіне (немесе әрекетсіздігіне) және актілеріне дау айтуға болатынын ескеру керек», - деді Д. Әбдіғалиев Астана коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Спикер айтқандай, бұл санат бойынша істер саны азайып келеді, 2021 жылғы деректерге сәйкес, келіп түскен талаптардың жалпы санының 42%-ды құраса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 33% болды, яғни, 10% төмендеу бар. Сондай-ақ сот орындаушылары жіберілген қателіктерді мойындау, түзету жолымен сотта жиі татуласады.
«Әкімшілік істердің едәуір бөлігін қала әкімдігі мен оның басқармаларына қатысты істер құрайды. Қордың мемлекеттік тұрғын үйлерінен тұрғын үй алу, кезекте тұрғандардың тізімін жүргізу, тұрғын үй төлемдерін алу мәселелері әлеуметтік тұрғыдан өте маңызды болып қала береді. Осы санаттар бойынша шағымдар да өсуде. Мәселен, 2021 жылы істердің жалпы санының 4,6%-ы ғана тұрғын үй даулары болса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 5,1%, 2023 жылы – 7%-ға дейін көбейді», - дейді ол.
Өкінішке қарай, статистика талаптардың негізділігі жыл сайын өсіп келе жатқанын көрсетеді. Мысалы, егер 2021 жылы талаптардың 56%, 2022 жылы - 50%-ы қанағаттандырылса, 2023 жылы талаптарды қанағаттандыру көрсеткіші 78%-ды құрады.
«Бұл әкімшілік орган жұмысында жүйелік қателіктер бар екенін, әрбір даулы мәселені шешуге жеке көзқарастың жоқтығын көрсетеді. Елордалық әкімшілік сот тәжірибесінде салықтық құқықтық қатынастар мен мемлекеттік сатып алу саласындағы даулар да жиі болады. Бұл кәсіпкерлер үшін өте өзекті. Мұнда да өсім байқалады. 2021 жылы олардың пайыздық ара қатынасы 9% болса, 2023 жылы – 12%-ға жеткен. Осы санат бойынша қанағаттандырылған талаптар да 2021 жылы 41,5%-дан 2023 жылы 78,9%-ға дейін өскен», - деді Дамир Әбдіғалиев.