Осы орайда ол бұл жағдай Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша тергеліп жатқанын айтты.
— Жақында ғана тиісті уәкілетті мемлекеттік органдармен кездесу өткіздік. Айдың соңына дейін Астана қаласы сот сараптамасы орталығы тексеріп жатқан кешенді құрылыс сараптамасының қорытындысын аламыз, — деді Санжар Әділов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Бұл тұрғыда ол сараптама қорытындысынан кейін кімнің күдікті ретінде танылатыны анықталатынын атап өтті.
Естеріңізге сала кетсек, 8 қарашада елордада тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысының бөлігі құлап, салдарынан 5 адам зардап шекті. Зардап шеккендердің бәрі № 1 көпсалалы ауруханаға жеткізілді.
18 қараша күні жарақат алған фельдшер Ұлдана Мырзуан көз жұмды.