Елордада тұрғын үйден шыққан өрт 250 шаршы метр аумақты шарпыған
00:35, 26 Қаңтар 2026
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін елордалық 112 пультіне Сарыарқа ауданындағы С. Қожахметов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер екі пәтерлі тұрғын үйдің шатырынан өрт шыққанын анықтады.
— Өртті сөндіру барысында құтқарушылар жанып жатқан үйден екі газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, жарылыстың алдын алды. Өрт 250 ш. м. алаңда толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында 3 техника және 17 өрт сөндіруші жұмыс істеді, — деді Астана қаласы ТЖД ӨСКҚ жедел кезекшісінің орынбасары Сабден Ебдельманов.
Осыдан бұрын Атырау қаласында ерлерге арналған түрме өртенгенін жазғанбыз.