Елордада тұрғын үйге кезекке қою бойынша 200 жетім баланың құқықтары қорғалды

АСТАНА. KAZINFORM – Елорда прокуратурасы жетім балалардың тұрғын үй құқықтарының бұзылғанын анықтады. 

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Уәкілетті орган «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 71-бабын бұза отырып, 14 жасқа толмаған тұлғаларда тіркеудің болмауына, сондай-ақ отбасы мүшелері саналмайтын қамқоршыларға тіркелген мүліктің болуына байланысты жетім балаларды кезекке қоюдан негізсіз бас тартқан. 

– Прокурорлық қадағалау шараларымен 200-ден астам жетім бала тұрғын үй алуға кезекке қойылды, - деп мәлімдеді Астана қаласының прокуратурасы. 

Еске салсақ, бұған дейін Астана қаласының прокуратурасы мемлекетке 55 жер телімін қайтарғанын жазған едік. Сондай-ақ Алматы прокуратурасы кәсіпорынның жұмысына заңсыз араласқан басқарма басшысын жазалады.