Елордада тұрғын үйге жапсарлас салынған кафеде газ баллоны жарылды
17:25, 28 Қыркүйек 2024
АСТАНА. KAZINFORM - Елордада тұрғын үйге жапсарлас салынған кафеде газ баллоны жарылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
"Астананның Алматы ауданындағы Ақыртас көшесінің бойында 2 қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған кафеде газ баллоны жарылып, нысан қирап қалды және оқиға орнында өрт болды.
Қираған аумақ шамамен 60 шаршы метр, өрт алаңы 15 шаршы метр болады. Өрт сөндірілді. 6 адам жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. ТЖМ күштері қауіпсіз жерге көлемі 50 литр болатын 4 тұрмыстық газ баллонын шығарды. Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері үйінділерді бұзу жұмыстарын жүргізуде" делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін астаналықтар тегін дөнер үшін тапталып қала жаздағанын жазған едік.