Сондай-ақ, үлескер құрылыс компаниясының Тұрғын үй кешендерін салуға үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беретін құжаттарының болуын және олардың заңнамаға сәйкестігін тексеру керек. Салушының міндетті түрде мына құжаттары болуы шарт: 1. жер учаскесін таңдау және келісу актісі 2. жобалау туралы қаулы 3. сәулеттік-жобалау тапсырмасы 4. Астана қаласының сәулетшісі бекіткен эскиздік жоба 5. инженерлік желілермен жұмыс жобасының мемлекеттік сараптамасы 6. құрылыс жүргізу туралы қаулы Азаматтар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін құрылыс компаниясын таңдағанда аса сақ болуы керек. Бүгінде бұқаралық ақпарат құралдарында пәтерлер сатылатыны туралы хабарландыру берген төрт құрылыс компаниясы анықталды. Атап айтқанда, «Стар Даст» ЖШС (Аниса ТК, «Аниса-2» ТК), Джаманбекова Оксана Алексеевна атынан әрекет ететін компания («Көктал-2» ТК), «Халықаралық инвестициялық-инновациялық компания» ЖШС («Тельман» ТК), «KazJordan construction company» ЖШС («Столичный-2» ТК). Бұл компаниялар Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңды белінен басып, құрылыс жүргізуге рұқсат беретін құжаттар тізімін толық жинамаған. Компаниялардың көппәтерлі тұрғын үй кешендерін салуға мынадай рұқсат құжаттары жоқ: - Мемлекеттік сараптама қорытындысы; - Құрылыс жүргізу туралы қаулы: - Тұрғын үй кешендерін салуға үлескерлердің ақшасын тартуға құқық беретін лицензия. «Халықаралық инвестициялық-инновациялық компания» ЖШС («Тельман» ТК) тексеру мен іздеу жұмыстарын жүргізу және жобалау туралы келісім; сәулеттік-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ), белгіленген эскиздік жобасын жасамаған. Аталған тұрғын үй құрылыс компанияларының жұмысы Астанада Тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның апта сайынғы отырысында қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша барлық материалдарды ҚР заңнамасында белгіленген тәртіпте тиісті шешім қабылдау үшін Астана қаласының Ішкі істер департаментіне жолдау туралы шешім қабылданды. Егер салушы компания салынып бітпеген нысандарда тұрғын үй аудандарын сатса, оның жоғарыда аталған құжаттардан басқа, үлескерлердің қаржысын тартуға рұқсаты болуы керек.
10:16, 04 Қараша 2014
Елордада тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңды бұзған 4 компания әшкереленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу Астанада баспана алам деушілер үшін жақсы мүмкіндік. Бірақ адамдар болашақ пәтердің құрылысына ақшаларын жұмсамас бұрын салушы компанияны таңдауға мұқият көңіл бөлуге тиіс, деп хабарлады astana.kz.