Елордада тұрғын үй өртенді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

«Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД бөлімшелері сағат 13:13-те Жангелдин көшесі, 38/3 мекенжайында орын алған өрт жағдайы бойынша шақырту орнына барды. Өрт сөндірушілер келген бойда ғимараттың шатыры, жалға алынған тұрғын үй және кеңсе бөлмелері жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндіру орнына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамының 22 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды» делінген хабарламада.

Өрт кезінде қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.