Елордада тұрғынынан 17 келі марихуана және 9 келі гашиш табылды

АСТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - Өткен аптада Астана қаласының ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 29 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, жедел ақпарат бойынша ол  жеке автомашинасында «марихуана» есірткі затын тасымалдаған.

 Бұл туралы ҚР ІІМ мәліметтерінде хабарланған.

 Оның автокөлігінің жүк салғышын қарау кезінде қызметтік-іздестіру  иті есірткінің иісін сезген, алайда есірткі табылмады.  Одан әрі жедел іс-шаралары барысында оның саяжайда тұратын жері бойынша 2 сөмке табылып, тәркіленді. Онда 17 келіден астам марихуана және 9 келіден астам гашиш болған.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.