«Құрметті депутаттар, назарларыңызға жекелеген санатқа жататын азаматтарды әлеуметтік көмекпен қамту туралы жобаға өзгеріс енгізу ұсынылып отыр. Атап айтқанда, әскери ардагерлерге берілетін біржолғы әлеуметтік төлемнің көлемін 20 АЕК-тен 35 АЕК-ке (1 АЕК – 3180 теңге) арттыру. Аталған әлеуметтік шара 800 адамға қатысты. Сонымен қатар алғаш рет түрмеден босап шыққан азаматтарға 15 АЕК көлемінде біржолғы төлем беруді ұсынып отырмыз», - деді Илья Скуб қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында.
Оның айтуынша, біржолғы төлемді алу үшін түрмеден шыққан соң 6 айдың ішінде өтініш берілуі тиіс.
«Азаматтарды әлеуметтік көмекпен қамтуға қатысты ұсынылған жоба Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы емес. Сол сияқты құқықтық актілерге қойылған талаптарға сәйкес келеді. Жобаға енгізілген өзгерістерді қолдауды сұраймыз», - дейді ол.
Бұған дейін қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында елорда әкімдігі 713 млн теңгеге сегіз құрылыс нысанын сатып алатындығы айтылды.