Нұр-Сұлтан қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЕЦ-166/10 мекемесінің тексеру тобы жазасын өтеп жатқан сотталған азаматқа жіберілген сәлем-сауқаттың, атап айтқанда торттың арасынан ұялы телефон тапты.
Кондитерлік өнім арнайы құрылғы – металлодетектормен тексерілген.
«Торт сыйлық жеткізілген сотталған азаматтың көз алдында туралып, оның ішінен тыйым салынған зат – су жаңа ұялы телефон алынды. Бұл факті бойынша сотталғанды және «тәтті сыйлықты» жеткізген азаматты жауапкершілікке тарту үшін тиісті тексерулер жүргізілетін болады», - делінген сайтта.