Елордада тұзы азайтылған нан пісірілетініне қуаныштымын – дәрігер

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен аптада Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның негізгі бағыты - дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру жәнежастардың денсаулығын нығайту мақсатында нан, нан-тоқаш өнімдерінде тұзды кезең-кезеңменазайту.

Дүниежүзілік денсаулық сақтауұйымының ұсыныстарына сәйкес, тамақ өнімдеріндегі тұз мөлшерін азайтуды жаппайтұтынылатын өнім ретінде наннан бастағантиімді.

С.Сейфуллин атындағыҚазақ агротехникалық университетінің нан және нан-тоқаш өнімдерін өндіретінэксперименталдық-өндірістік цехында ЖОО студенттері мен оқытушыларына құрамындатұз мөлшері аз нан пісіретін болады, бұл өз кезегінде жұқпалы емес аурулардың алдыналудың негізгі шарасының бірі болып табылады.

Осыған байланысты, тараптар бұл бастаманы басқа данан-тоқаш өнімдерін өндірушілер қолдайтынына үміт артатынын білдірді.

Сонымен қатар, уақыт өте келе медициналық ұйымдарөздерінің жаңа миссиясын іске асыруы керек: халықты денсаулықты қалай сақтаукеректігін, профилактикалық шараларға және дұрыс тамақтануға үйрету. Осылайша,медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде денсаулық сақтау жүйесініңдамуын анықтайтын - «аурудан мықты денсаулыққа» және «емдеудің орнына үйретужәне күтім жасау» сияқты маңызды қағидалар жүзеге асырылуы тиіс.

Тұзды шамадан тыс тұтыну, жалпы, дұрыс емес тамақтануденсаулыққа қандай зиян тигізетіні туралы Нұр-Сұлтан қаласындағы №3 қалалық емхананың терапия бөлімшесінің меңгерушісі,дәрігер Эмина Тұңғышбайқызы Ильясова былай дейді:

Адамдар көбіне тұзды қанша мөлшерде тұтынатынын білмейді.Көптеген елдерде тұздың негізгі мөлшері адам ағзасына өңделген тағамдардан (дайын астан;бекон, ветчина мен салями сияқты ет өнімдері, ірімшік пен тұзды тіскебасарлар)немесе көп мөлшерде (мысалы, нан) тұтынылатын тағамдардан түседі.

Адам ағзасы барлық қажеттізаттарды тамақ пен су арқылы алады. Азық-түлік өнімдерінің құрамы және олардыңқасиеттері денсаулыққа, физикалық дамуына, жұмыс қабілеттілігіне, эмоционалдыкүйге, тұтастай алғанда, өмір сүру сапасы мен ұзақтығына тікелей әсер етеді.

Дұрыс емес тамақтанукез-келген жаста адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Бұлфизикалық және ақыл-ойдың даму деңгейінің төмендеуі, шаршағаңдық, жұмысқа дегенқабілеттіліктің төмендеуі және өмір сүру ұзақтығының қысқаруы.

Тұзды шамадан тыс қабылдауорганизмдегі зат алмасу процесінің бұзылысына әкеледі: су-тұз алмасуы, тұз организмдежиналып, тістер бұзылады, гастрит, асқазан жарасы пайда бола бастайды. Қартаюпроцесін жылдамдатады. Тұзды шамадан тыс қабылдау қан қысымының жоғарылауынаықпал етеді, бұл өз кезегінде жүрек ауруы және инсульт қаупін арттырады.

Қазір балалар менжасөспірімдер көбінесе компьютер алдында, әлеуметтік желілерде отыра беретін азқозғалмалы өмір салтын ұстанады, фастфудпен тамақтанады, шұжық, чипсы, қытырлақнан, майонез көп жейді. Әсіресе ысталған шұжықтарда тұз мөлшері көп болады.Дұрыс емес тамақтану және физикалық белсенділіктің болмауы бүкіл әлем бойыншаденсаулық үшін үлкен қауіп болып табылады.

Мен еліміздің бас қаласындақұрамында тұз мөлшері азайтылған нан пісіретініне қуаныштымын. Тұздыңұсынылатын тәуліктік мөлшері - күніне 5 грамм (бір шай қасық) құрайды.

Өз тәжірибемде айта кетсем, мен және менің отбасымсалауатты өмір салтын ұстанып, дұрыстамақтанамыз. Біз нан және нан-тоқаш өнімдерін тұтынуды азайттық, көбінесекөкөністер, ақуызды тағамдармен жиі тамақтанамыз. Тіпті менің балаларым датәрелкедегі тамақты көз мөлшерімен 4 бөлікке бөліп, үстелден жеңіл аштықсезіммен тұру керек екендігін біледі. Кешке біз жеңіл ас: алма жеп, айран ішеміз.Мен балаларға дұрыс тамақтануды үйрету мүмкін екендігіне көз жеткіздім, текқана ата-аналар тарапынан түсіндірме жұмысы жасалуы керек.

Қазіргі кезде семіздікке шалдыққан, артық салмағы барбалалар мен жасөспірімдер өте көп. Оларға көмектескін келеді, жанына барыпдұрыс тамақтан, жаттығу жаса, тұз бен қантты аз мөлшерде тұтын деп те айтқынкеледі.

Ата-аналар балаларына тұз бен дұрыс емес тамақтанудыңзияны туралы түсіндірулері қажет. Мектепте бірінші сыныптан бастап түсіндіружұмыстарын жүргізу керек, егер дұрыс түсіндірсе, балалар тез аңғарып, зияндытамақты ешқашан ішіп, жемейтін болады.

Бүгін дұрыстамақтана отырып – біз көпжылдарға денсаулығымызды сақтауға көмектесеміз.

Соңғы жаңалықтар