Атап айтқанда, көрмеде жұртшылық назарына сол кезеңдегі өмірдің қыр-сырынан терең мағлұмат беретін суреттер мен құжаттар ұсынылып отыр.
Айта кетейік, көрмеде Татарстан Республикасы Тарихи-саяси құжатнама мемлекеттік орталық мұрағатынан алынған құжаттар Мұрағат және құжаттар басқармасының бастамасымен бөлек бөлім ретінде таныстырылды.
Мұрағат қызметкерлерінің айтуынша, бұл құжаттар тың игеру жылдары жайында жаңа фактілер мен деректерді ашып отыр.
Көрменің ашылуына ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері, тың игеру жылдарында жұмыс істеген еңбек ардагерлері, сондай-ақ Ресей мен Украина елшіліктерінен келген өкілдер қатысты.