Елордада Уәлиханов көшесінде көлік қозғалысы ішінара жабылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Ш.Уәлиханов көшесінде көлік қозғалысы ішінара жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

24 сәуір күнгі сағат 14:00-ден бастап 26 сәуірдегі сағат 07:00-ге дейін Нұр-Сұлтан қаласының нөсер кәрізі желілеріндегі апатты жағдай салдарынан жоюға байланысты Ш.Уәлиханов көшесіндегі А.Иманов даңғылынан бастап Ж.Тархан көшесіне дейінгі қозғалыс жабылады.

Қозғалыс уақытша кесте бойынша жабық учаскені айналу арқылы ұйымдастырылады, ол үшін жол белгілері орнатылады. Аталған учаскедегі жол қауіпсіздігін патрульдік полиция қызметі қамтамасыз етеді.

«Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті елорданың тұрғындары мен қонақтарына бағдарын алдын ала жоспарлап, жолда кептелісті болдырмау үшін жабық учаскені айналып басқа жолмен жүруді ұсынады», делінген хабарламада.