Елордада Ұлы Дала даңғылынан Сығанақ көшесіне дейінгі учаске уақытша ішінара жабылады

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлы Дала даңғылынан Сығанақ көшесіне дейінгі учаскеде Ш. Айтматов көшесінде төсемінің жоғарғы қабатын салу жұмыстары жүргізілмекші. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 12 мен 24 тамыз аралығында аталған учаскедегі қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті.

Фото: Александр Павский / Kazinform

— Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы жолдың бір жағымен ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастыруда мүмкін болатын өзгерістерді ескерулеріңізді сұраймыз, — делінген хабарламада.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

Айта кетейік, Астанада Бөгенбай батыр даңғылы тамыздың соңына дейін жабылады.