Елордада ұлттық үстел ойындарының тұңғыш фестивалі өтіп жатыр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен ұлттық үстел ойындарының алғашқы республикалық фестивалі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақ, неміс, корей, еврей, поляк, армян, беларусь, славян, украин, дүнген, қырғыз,казак, өзбек, күрд, қарақалпақ жән башқұрт ұлттарының 16 түрлі үстел ойынытаныстырылатын шара ұмыт болып бара жатқан ғұрыптарды жаңғыртуға бағытталыпты.Елордалық этно-мәдени бірлестіктердің шеруімен басталған фестивальгеқатысушыларды Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары ЖансейітТүймебаев құттықтады.


«Кез келген халықтың өмірінде ұлттық ойындардың маңызы зорболған. Ол халықтың өмір сүру салтынан хабар бере отырып, күшті, қарымды, әдісқой болу тәсілдерін үйреткен. Жас ұрпақтышымыр, батыл, ұшқыр ойлы, тапқыр болуғатәрбиелеген де осы ұлттық ойындар. Мысалы, қазақтың бәйге, аударыспақ, көкпар,жамбы ату сияқты сайыстарының, жастарғанарналған қыз қуар, алтыбақан, ақсүйек сияқты сауықтық шаралардың, ойлаудыдамытып, есептеуге, төзімділікке үйрететін қисынға құрылған ойындардың бірнешемың жылдық тарихы бар.

Елімізде этномәдени тәрбиеге мемлекеттік деңгейде мәнберіліп отыр. Үстел ойындары – ұлттықойындардың бір тармағы. Оның көбі рәсім немесе әскери сайыс ретінде көнеденкеле жатыр. Қазір көбінің мәні мен мазмұны өзгеріп, заманға сай жетілген. Тіптікейбірі ұмыт болып барады. Бүгінгі шара елдегі этностардың осы ұмыт болып баражатқан ұлттық ойындарын бір-біріне насихаттауына жол ашады», - деді ЖансейітТүймебаев.

Фествальгеқатысушылар өз ұлтының үстел ойынын шара қонақтарына таныстырып, шеберліксағаттарын өткізді. Немістің «уносы»,корейдің «хатосы», татарлардың «экияты», еврейдің «дренделі», қырғыздың «тоғызкоргоолы», башқұрттың «жастық ұрысы», өзбекті «шаппасы», қарапалқпақты«бекташы» ойын сүйер жасөспірімдердің ғана емес, түрлі этнос өкілдерінің де назарынаударды. Фестиваль аясында ұлттық ойын шебері Ақтөре Қуандықов қазақтың асықойындарын паш етіп, ел ықыласына бөленді.

Фестиваль қорытындысында шараға белсенді атсалысқанэтномәдени бірлестік өкілдерін марапаттау жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар