Елордада «Университетті басқарудың жаңа жолдары» атты дөңгелек үстел отырысы өтеді

АСТАНА. 18 шілде. ҚазАқпарат - 20 шілдеде Назарбаев университетінде Қазақстандағы жоғары білім мәселелеріне арналған «Университетті басқарудың жаңа жолдары» атты дөңгелек үстел отырысы өтеді.

Бұл ақпаратты аталған университеттің баспасөз қызметінен хабарлады.

Іс-шараға Назарбаев университетінің, Пенсильвания университетінің, ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері, Қазақстан жоғары оқу орындарының ректорлары, білім беру саласының сарапшылары мен ғалымдар қатысады. Жиын барысында Пенсильвания университетінің (АҚШ) сарапшылары Қазақстанның жоғары білім жүйесін зерттеулерінің қорытындысын ұсынады.