Елордада ҰОС ардагерлеріне 30 мың теңгеден беріледі

АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент күніне орай Астанада Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне әлеуметтік көмек ретінде 10 мың теңгеден беріледі.

Аstana.kz сайтына қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Ләззат Әбуованың мәлімдеуінше, банкілік карталарына аударылған 10 мың теңгеден бөлек, ардагерлерге жеке шоттарына тағы 20 мың теңгеден, ал оларға теңестірілгендерге 10 теңгеден аударылады. «Төлемдерді біз 1 желтоқсанға дейін аяқтаймыз», - деді Л.Әбуова.

Бүгінгі күні елордада материалдық көмек көрсетілетін 319 ардагер тұрады.