Елордада ұрлық өршіп тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 6 айында елорда жасалған қылмыстардың 60 пайызға жуығын ұрлық құрайды. Бүгін Астана қаласы прокуратурасының алқа мәжілісінде аталған ведомствоның 2-ші басқармасының бастығы Данияр Ермеков осылай мәлім етті.

«Тіркелген қылмыстардың басым бөлігін ұрлық құрайды. Оның жалпы қылмыстағы үлесі 59,2 пайызға тең», - деді ол.

Д.Ермековтің сөзіне қарағанда, елордада жасалатын қылмыстардың ішінде ұрлықтың 5,4, алаяқтықтың 13,8, бұзақылықтың 63,5, тонаудың 26,9, бопсалаудың 15 пайызы ғана ашылады.

«Тонау мен қарақшылық шабуыл нақты қылмыс әрі оларға қатысты қылмыстық іс шағым түскен күні қозғалуы тиістігіне қарамастан тергеу алды тексеру мерзімінің қасақана, заңсыз ұзартылуы фактісі орын алып жатады», - деді Д.Ермеков.