Қалалық қызметтер, әскери қызметкерлер, әскерге шақырылғандар елордада үшінші рет ауқымды дезинфекция жұмыстарын өткізеді. Дезинфекция барысында тұрғын үйлер, соның ішінде орамішілік аумақтар қайта қамтылады.
Адам көп жиналатын орындар: әлеуметтік нысандар, базарлар, сауда ойын-сауық орталықтары, өткізу-бақылау бекеттері және т. б. күнделікті дезинфекцияланып жатыр.
Сонымен қатар, елорда көшелері мен магистральдарына екі жақты жаппай өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.