«Бүгін 12 сәуірде таңғы сағат 6-да Агроқалашық тұрғын алабындағы кезекшілік кезінде Сарыарқа ауданы әкімдігінің бас инспекторы Төребеков Берік пен Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының бас маманы Ерғанат Бексұлтанов Аманқарағай көшесі, 20 Б мекенжайындағы тұрғын үйдің өртеніп жатқанын көрді. Олар көрші үйлердің тұрғындарымен бірге аталған үйде тұратын 5 адамды (оның ішінде 3-еуі бала) құтқарып, басқа жерге көшірді», - деп жазды аудан әкімі Е.Егемберді.
Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің арқасында үйге жапсарлас салынған үйлердегі өрт сөндірілді.
Сарыарқа ауданының әкімі мәлім еткендей оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы келді, сондай-ақ өрт салдарынан зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.