«Оқиға елорданың көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болды. Әкесі баланы үйде қалдырып дүкенге шыққанда есікті кілттеп жауып, қайта аша алмай қалған. Мазасызданған ата-ана 112 қызметіне хабарласты», - делінген Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан хабарламада.
Құтқарушылар альпинистік құралдардың көмегімен 9-шы қабаттағы пәтерге балкон арқылы кірген.
«Құтқарушылар баланы тыныштандырып, есікті іштен ашты. Сәби зардап шеккен жоқ», - дейді төтенше жағдайлар ведомствосынан.
Еске сала кетсек, былтыр Астанада күзетші 20-қабаттағы терезеде ілініп тұрған баланы құтқарған еді.
Биыл наурызда елордалық балықшылар мұз ойылып, суға құлап кеткен 7 жасар баланы құтқарды.
Одан бөлек, Астанада 7-сынып оқушысы балконға ілініп тұрған бес жасар баланы аман алып қалды.