Биыл екінші рет ұйымдастырылған шара барысында жыл бойы үздік деп танылған 18 спортшыға «Алтын тұғыр» табысталды.
Атап айтқанда, көкпар спортында Абылайхан Нышанбеков (ОҚО) «Көкпардың жыл шабуылшысы», Жалғас Қиянов (Жамбыл облысы) «Көкпардың жыл қорғаушысы», Қуанышбек Құрамаев («Хан» атының иесі) «Көкпардың жыл аты», Нұрдәулет Момынов («Аю» атының иесі) «Көкпардың пырағы», Темірхан Айтбаев (ОҚО) «Көкпардың жыл салымгері», Құрманбек Тұрғанбеков (Жамбыл облысы) «Көкпардан жылдың жас саңлағы», Мақсат Азбаев (СҚО) «Ұлттық ат спорты ойындарының үздік төрешісі» атанды.
Ал аударыспақ ойынында Біржан Қосалиев (ОҚО) «Аударыспақтың ауыр салмақтағы жыл палуаны», Ермек Жұмабекұлы «Аударыспақтың 70 келі салмақтағы жыл палуаны», Сырым Ізбасаров «Аударыспақтың 90 келі салмақтағы жыл палуаны», Марат Нұрпейісов «Аударыспақтан ауыр салмақтағы үздік палуаны», Жанбатыр Бекмұсаев (ОҚО) «Аударыспақтан жылдың үздік жаттықтырушысы» атағын иеленді.
Бүркітшілік спортында Арман Қошқаров «Жыл бүркітшісі», Дулат Әбен Күнтуған Тоқтыбай атындағы номинация «Жылдың жас бүркітшісі», Бағжан Бағдәулет «Жас бүркітші» деп танылды.
Ат бәйгесінде Мейіржан Сексенов («Бақторы» иесі) «Жыл алтын тұлпарының атбегісі», Мерхан Жолдасұлы «Жыл алтын тұлпарының шабандоз баласы», Рамазан Сатыбалдиев «Жыл шабандозы», Ертілеу Сатыбалдиев «Жыл ат бапкері», Ерлан Сатыболдинов, Саят Арынов пен Ғабит Үмбетов «Жыл атбегісі» ретінде марапатталды.
Тоғызқұмалақтан Жанат Қаймулдин «Тоғызқұмалақтан жыл ойыншысы», Салтанат Сапарбекова «Тоғызқұмалақтан жылдың үздік ойыншысы» және Қабидолла Нұршин «Тоғызқұмалақтан жыл жаттықтырушысы» атанды.
Асық ату спортында Руслан Асанов «Асық атудан жыл мергені», Адай Мұхамеджан «Асық атудан ересектер арасында жыл мергені», Дабыл Наурызов «Асық атудан жыл мергені жаттықтырушысы» деп танылды.
Жамбы атудан Алдияр Нұрғазиев «Жамбы атудан жыл мергені» атағын жеңіп алды. Теңге ілу ойынында «Теңге ілуден жыл ойыншысы» атағын ақтөбелік Әлихан Бәшімбаев иеленді. «Жыл құмай тазысы» аталымында Аманат Тоқабаевтың тазысы «Жыл құмайы» атанды.
Қазақ күресінен Айбек Нұғымаров «Қазақ күресінен жыл палуаны», ал Серік Қоржыкенов «Қазақ күресінен жыл палуанының жаттықтырушысы» деп танылды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығынан.