Қабанбай батыр көшесі бойындағы Қазақстан рәміздері алаңынан басталған жарысқа мыңға жуық велоспорт шеберлері мен әуесқой спортшылар қатысуда. Олар Қабанбай батыр даңғылымен «Астана Арена» стадионына дейінгі 5 шақырым қашықтықты жүріп өтетін болады. Жарыс соңында қатысушылардың арасында 10 велосипедке ұтыс ойнатылады.
Бұл спорттық шараның мақсаты - бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, тұрғындарды жүйелі түрде спортпен шұғылдануға баулу, жастардың велоспортқа қызығушылығын арттыру.
Жарысты Астана қаласының әкімдігі, «Астана қалалық мәдениет және спорт басқармасы» ММ, «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дерекциясы» КММ бірлесе ұйымдастыруда.