Елордада VI Русистика күзгі мектебінің ашылу салтанаты өтті

АСТАНА. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елордадағы Ресей ғылым және мәдениет орталығында VI Русистика күзгі мектебінің ашылу салтанаты өтті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Қазақстан халқы тілдері фестивалі күндерінде жыл сайын тұрақты өтіп келе жатқан мектептің ашылу салтанатына Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарих-филология факультетінің деканы Шолпан Жарқынбекова, Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің аға кеңесшісі Сергей Анненков, Астана қалалық білім басқармасы бастығының орынбасары Гүлнәр Жақыпова қатысты. 

Мектеп ағымдағы жылғы жұмысын ұлы жазушы Н.В.Гогольдің туғанына 200 жыл толу құрметіне арнап отыр. «Қазақстанда орыс тілі мен әдебиетін оқытудың жағдайы мен перспективалары» атты тақырыппен өтетін оқулар барысында Мәскеудің, Астананың және Қарағандының белгілі тілші-ғалымдары тыңдаушыларға бірқатар оқу-әдістемелік шаралар өткізеді.  

Русистика мектебін бітіргеннен кейін тыңдаушыларға біліктілігін арттыру курсынан өткендігі туралы сертификат табыс етіледі.