Тұрғылықты мекенжайы бойынша ішкі істер органдарында есепте тұрған 1700 адам мен 2700 азаматтық қару иесі тексерілген.
Жұмыс барысында заңсыз жалға беріліп жатқан 600 пәтер анықталған. Ол ақпарат қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік кірістер департаментіне жолданып отыр.
Жалпы, жедел алдын алу шаралары басталғаннан бері 6 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ол заңбұзушылықтардың 300-і - ұсақ бұзақылық болса, 2 мыңнан астамы - тіркеусіз немесе құжатсыз жүру секілді бұзушылықтар екені анықталған.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған 1800 шетел азаматының қалада тұрып жатқаны белгілі болды.