Елордада заңсыз жүрген 356 шетел азаматы жауапқа тартылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада 16 мен 19 шілде аралығында «Заңсыз келуші» жедел алдын алу іс-шарасы жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара заңсыз көші-қон каналының алдын алу немесе жолынкесу мақсатында өткізіледі. Көші-қон қызметі, криминалдық полиция, жергіліктіполиция қызметкерлерінен тұратын 20 мобильді топ адам саудасы, заңсыз көші-қонканалын анықтау және қылмыскерлерді іздестіру бойынша елорда аумағында рейд жүргізді.

«Іс-шара басталғалы ҚР аумағында жүріп-тұру ережесінбұзған 356 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде ешжерде тіркелмеген 170 адам, жасап отырған қызметі келу мақсатымен сәйкескелмеген немесе рұқсатсыз жүрген 150шетел азаматы анықталды. Жеке тұлғасын анықтау үшін ТМД елінің 40 азаматыНұр-Сұлтан қаласы ПД қабылдап тарату орталығына орналастырылды. 400 шетелазаматы ішкі істер органының есебіне қойылды» делінген хабарламада.

Осы екі тәулік ішінде көші-қон заңын бұзған 60 азаматтыңелімізде уақытша жүріп-тұру мерзімі қысқартылды.

Соңғы жаңалықтар