Қалалық прокуратура білім беру ұйымдары қызметінің заңдылығын тексеру барысында мұғалімдердің жалған дипломды пайдалану фактілерін анықтаған.
«Жұмысқа орналасу кезінде 6 мектептің мұғалімі жалған диплом көрсетіп, балаларды оқыту құқығына ие болған», - деп жазылған Астана қаласы прокуратурасының Facebook парақшасында.
Хабарламада айтылғандай, Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігіне сәйкес жалған құжатты пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
«Аталған ұстаздардың педагогикалық қызметі тоқтатылды», - дейді ведомстводан.