Анықталғандай, елордада ұсталған автокөліктің нөмірімен бірдей көлік Атырау қаласында ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық істен өтіп жатыр. Нақтырақ айтқанда, Атыраудағы жүргізушінің жол ережесін бұзуы салдарынан абайсызда кісі өлімі болған. 2019 жылдың желтоқсан айынан бері астанада ұсталған көліктің «егізі» айыппұл тұрағынан шықпаған.
Біршама уақыттан кейін Атырау қаласында тұратын азаматқа Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны туралы хат келе бастапты. Осыдан кейін көлік иесі полицияға арыз түсірген. Елордада ұсталған жүргізушінің көлігі коммуналдық айыппұл тұрағына жеткізілді. Қазір істің толық мән-жайы анықталуда.