Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
«Полиция қызметкерлері Республика даңғылында патрульдеу кезінде көлік қаңтаруға рұқсат етілмеген жерде тұрған «Шевроле Нексия» маркалы автокөлікті байқаған. Құжаттарын тексере келе, такси жүргізушісі көлігіне жалған ресейлік тіркеу нөмірлерін тағып алғаны анықталды. Алайда автокөлік ҚР-да тіркелген. Көлік иесі жалған нөмірді айыппұлдан жалтару үшін таққан. Полицейлер көліктің жүксалғышынан бірнеше қазақстандық нөмір тапты», - деді департамент.
Жүргізушінің үстінен Әкімшілік құққы бұзу кодексінің 590-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салыды. Ал нөмірі жалға нөмірлі көлік айыппұл тұрағына қойылды.
«Көше камераларындағы мәліметтерді зерделеу кезінде келе, аталмыш жалған нөмірлі көліктің жол ережесін 13 рет бұзғаны анықталды. Жүргізушіге жиынтығы 190 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Сондай-ақ, айыппұл тұрағына алынған көліктің қазақстандық нөмірлері бойынша 61895 теңгенің 4 айыппұлы есептелді. Елордада 8 қарашадан бастап «Қауіпсіз жол»жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. Іс-шара басталғаннан бері полиция қызметкерлері қала жолдарында 5 700 мыңға жуық жол ережесін бұзу фактісін тіркеді», - деп толықтырды департамент.