Елордада жалпы үй қажеттіліктері үшін берілген электр энергиясына есеп-түбіртек бойынша тұрғындарға қызмет көрсету жөнінде дөңгелек үстел өтті

ыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін елордада  жалпы үй  қажеттіліктері үшін берілген электр энергиясына есеп-түбіртек бойынша тұрғындарға қызмет көрсету жөнінде  дөңгелек үстел өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті ұйымдастырған іс-шараға осы департамент жанындағы Сараптама кеңесі, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, табиғи монополия субъектілерінің, реттелетін нарық субъектісінің, БАҚ өкілдері және тұтынушылар қатысты.

 Басқосуда электр энергиясы мен жабдықтау қызметін тұтынушылардың көптеген өтініштеріне сәйкес, Астана қаласында ұсынылатын электр энергиясымен жабдықтау қызметі сапасын жақсарту; Астана қаласында злектр энергиясын үйге ортақ пайдалану үшін есеп-түбіртектің ұсынылуы; Астана каласында 2009 жылғы шілденің 1-інен бастап жеке тұлғалардың тұтыну шамасына байланысты енгізілген сараланған тарифтер сияқты мәселелер ортаға салынды.

 «Тұтынушылардың ай сайын төлемдер квитанциялары, яғни есеп-түбіртектері жөнінде көптеген сауалдары бар. Осы есеп-түбіртектерінің жаңа түсінікті формасы биыл қыркүйек айында шығады деп жоспарлануда», - деп атап өтті «Астанаэнергосбыт» ЖШС бас директорының орынбасары Евгений Пизиков. Оның сөзіне қарағанда, енді абоненттік төлемдер орталықтары көптеген өтініштерге байланысты, тұтынушыларға барынша жағдай жасау мақсатында жексенбі күні де таңертеңгі сағат 9:00-ден түскі сағат 15:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейтін болады. «Енді апта ішінде, тіпті сенбі күні есеп-түбіртектерін төлеуге мүмкіндігі болмаған жеке тұтынушылар демалыс күні абонеттік төлем орталығына бара алады. Тағы бір жағымды жаңалық, алдағы уақытта қаланың сол жағалауында осындай орталық ашу жоспарланып отыр», - деді Е.Пизиков.