Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам» атты мақаласындағы Жалпыға ортақ еңбек қоғамын қалыптастыру мақсатында, Астана қаласында қоғамдық ұйымдардың көшбасшыларымен, еңбек ұйымдарының жас мамандарымен, азаматтық сектордың өкілдері және үздік жастар мекемелерімен Жалпыға Ортақ Еңбек коалициясы құрылған болатын. Үш ай ішінде бұл коалиция мыңдаған еңбек етуші қазақстандықтарды өз аясына біріктіріп, жүзге жуық кездесулер өткізіп, ендігі кезекте «Бақытты отбасы» атты жобаны жүзеге асырғалы отыр.
Қазақстан ауқымында осыған дейін мұндай жоба жүзеге асырылмағандығын атап өтуге болады. «Бақытты отбасы» жобасының негізгі міндеті - әрбір қазақстандыққа - қол жетімді әрі қолайлы баспана. Әрбір ынталы республика азаматы өз пәтерінің құрылысына қатыса алады. Яғни, 100 еңбек сағатын өтеу арқылы орташа бағамен өз баспанасына қол жеткізеді. Қазіргі кезде Астана қаласында таза өңделген пәтердің бағасы 1500-1600 у.е. құрайды, ал біздің жобамзда 1200 у.е. бағасына таза өңделген пәтер мен жиһаз, тұрмыстық техника және автотұрақтағы орын кіреді.
Аталмыш «Бақытты отбасы» жобасы барша қазақстандықтарға біреудің есебінен күн көру және қамқоршылдықпен күресушілердің жарқын өмірі мен болашағының айқын көрінісінің үлгісі болады. Сонымен қатар барлық жұмыс мемлекеттің, бизнес пен азаматтардың тығыз өзара іс-қимылы негізде құрылуы тиіс екендігін және қоғам мен жеке адам мүддесінің рационалды тепе-теңдігін қамтамасыз ету арқылы, әлеуметтік белсенділікті дамыту керек екендігін көрсетеді.
Сондықтан, Жалпыға Ортақ Еңбек коалициясының мүшелері біздің қала әкімі И.Н.Тасмағамбетовке «Бақытты отбасы» қалашығының құрылысына жер бөлінуіне жәрдем көрсетуіне өтініш білдіре отырып, мыңдаған астаналықтар үшін өз қолдарымен өздерінің бақыттарына қол жеткізу үшін, кішкене болса да қазақстандық жердің бір бұрышы табылады деп санайды.
"Барша құрылыс компанияларының, жиһаз зауыттарының өкілдеріне, тұрмыстық техника өндірушілеріне, таза өңделген бір шаршы метріне 1200 у.е. бағада және тегін авто тұрағымен, жиһазымен және түрмыстық техникасымен баспана құрылысының мүмкіншілігін қарастыруын сұраймыз", делінген баспасөз баянында. .