Елордада жаңа хоккей корты ашылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хоккейшілер мен коньки тебуді сүйетіндер үшін Астанада жаңа корт құйылды, ол Сарыарқа даңғылында «Астана» спорт кешенінің қасында орналасқан. Нысанның ашылуына «Сарыарқа» ауданының әкімі Арман Тұрлыбек, «Барыс» хоккей командасының капитаны «Барыс» Брэндон Боченски, жас «барыстар» мен қала тұрғындары қатысты.

«Бүгін біздің ауданда мереке - біз ашық аспан астында алғаш рет кәсіпқой хоккей клубын ашып отырмыз. Мемлекет басшысы бұқаралық спорттың дамуына ерекше көңіл бөледі, әрбір тұрғынға спорттық инфрақұрылым қолжетімді болсын дейді. Осы корт тегін негізде хоккей ойнауға арналған, қаланың кез келген тұрғыны келіп, ойнап, коньки тебе алады»,- деді Арман Тұрлыбек.

Сонымен қатар, ауданның аумағында алты мұз айдыны ашылды. Олардың барлығы бұқаралық спорттың дамуына және тұрғындардың денсаулығын нығайтуға қызмет етеді.

Ашық аспан астындағы аренаның ашылуымен астаналықтарды Брэндон Боченски де құттықтады.

«Ең алдымен, осы аренаның ашылуына мені шақырғандарыңыз үшін алғыс айтамын. Өзім де осындай мұздың үстінде ойнап, есейдім, барлық жастарға сәттілік пен жақсылық тілеймін», - деді «Барыс» ХК капитаны.

Сөз соңында хоккейші аудан әкіміне атаулы хоккей таяғын табыс етіп, жанкүйерлермен суретке түсті.